Жыл басынан бері «Интеллектуалды қиылыс» арнайы техникалық құрылғысы арқылы 2964 жүргізушіге айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Заман талабына сай жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты қала орталығындағы Қорқыт Ата – Яссауи көшелері, Қорқыт Ата – Байтұрсынов көшелері, Желтоқсан – Тоқмағанбетов көшелері, Желтоқсан – Мұратбаев көшелері, Мұратбаев – Абай даңғылы көшелері, Жібек Жолы – Бейбарыс көшелерінде «интеллектуалды қиылыс» және «Red Speed» жылдамдық өлшегіш арнайы техникалық құрылғылары жұмыс жасайды.
Бұл құрылғылардың ерекшелігі – жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеп соқтыратын түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтауға ықпал етеді. Қазіргі таңда осы құрылғылардың көмегімен 2964 жүргізушіге 52 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.