Жаңақұрлыс ауылдық округы мен Құланды ауылдық округы жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтіне ие болды.
Бұл сыйды «Халықаралық Аралды құтқару» қоғамдық қоры жасап отыр. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Абзал Мұхимов сөз сөйлеп, қуанышпен құттықтады. Және осындай сый жасаған «Халықаралық Аралды құтқару» қоғамдық қорына алғысын білдірді. Ал бұл шараға арнай қатысқан «Халықаралық Аралды құтқару» қоғамдық қорынның өкілі Досжан Нұрбатыров жедел жәрдем көлігін табыс етуге тікелей септігін тигізген аудан әкімі Абзал Мұхимов екендігін айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.