Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮЗДІК ПАЛУАНДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

 

Қызылордадағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде ҚМДБ төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін ІІІ республикалық қазақ күресіне іріктеу өткізілді, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.

Күреске орталық "Ақмешіт-сырдария" мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, сәттілік тіледі. Іріктеуге Қызылорда облысынан 36 түйе палуан қатысты. Балуандарға қалалық спорт бөлімінің мамандары төрелік жасады.
Нәтижесінде І орынды Жаңақорған, ІІ орынды Жалағаш ауданының, ІІІ орынды Қызылорда қаласының палуаны жеңіп алып, республикалық қазақша күрестен өтетін сайысқа жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: