Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсенділерімен кездесу өтті

Бүгін «Достық» үйінде облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсенділерімен кездесті. 
Басқосуда қоғамдық бірлестік тарапынан қозғалып жүрген бірнеше мәселе айтылды.
Қазіргі таңда, облыста Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген және қызмет жасаған 1000-ға жуық ардагер бар. Оның ішінде «Невада-Семей» қозғалысына қатысушылар саны 495 адам. Аймағымызда Семей полигонына қатысты алты үкіметтік емес ұйым тіркеліп жұмыс жасауда.
Кездесу барысында көтерілген қоғамдық көліктерге жеңілдік қарастыру, дәрігерлердің қызметін кезексіз пайдалану ұсыныстары заң аясында шешілмек.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: