Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада "Денсаулық күні" атап өтілді

Бүгін, 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай орталық алаңда «Мен саламатты өмір салты үшін!» ұранымен көпшілік акциясы өтті. 
Акцияға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысып, жиналған жұртшылықты денсаулық күнімен құттықтады. 
- Соңғы кезде саламатты өмір сүруге беталыс жаман емес. Соның бір айғағы бүгінгі шара. Бүгінде бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалып келеді, - деді ол.
Акция барысында орталық алаңда таңғы жаттығулар, жастар флеш-мобы және арқан тарту, асық ату, қол күрес секілді ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Ортада «Денсаулық» қалашығы құрылып, онда мамандардың кеңес беруі, УЗИ, ЭКГ, глюкометр аппараты арқылы қандағы қант мөлшерін анықтау, флюрографиялық тексеру, қан қысымын анықтау секілді тегін медициналық қызмет көрсетілді. 
Акция соңында спорттық жарыстар мен сайыс жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар өңірімізде саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген мекемелер мен азаматтар арнайы номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, денсаулық күні аясында 1-7 сәуір аралығында барлық емдеу алдын алу мекемелерінде ашық есік күні жарияланып, тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: