Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Ауыл аманаты» жобасы: 342 жоба қолдау тапты

Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін облысқа 3,0 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бағдарламада қарастырылған негізгі 5 бағыт бойынша 600 жобаға қолдау көрсетілмек. Осының нәтижесінде, 636 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.
 

-Қазіргі таңда жоба бойынша қаржыландыру бағыттары анықталып, барлық ауылдық елді мекендерде халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағдарлама өңдеу, егін коорперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығы және басқа бағыттағы бизнес жобаларға арналған. Бүгінде 342 жобаның құжаттары несие комитетімен мақұлданды. Ал 142 жоба бойынша қарастырылған несие 18 коорператив пен 124 жеке кәсіпкерге берілді. Осының нәтижесінде 288 жұмыс орны ашылады, - деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы. 
«Ауыл аманаты» жобасын сапалы іске асыру мақсатында негізгі басымдық өндірістік жобаларға берілуде. Бұл ретте, жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысына тиімді қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, шағын цехтар, жылыжай өндірісі, омарта, балық және құс шаруашылығын дамытуға бағытталуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: