Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отбасы  – бақыт мекені

2025 жылдың тамыз айының 27-сі мен 10-шы қыркүйек аралығында республика көлемінде «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда мейірімділік пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесіне қоғам назарын аудару. 
Акция аясында түрлі іс-шаралар мүдделі мемлекеттік органдармен (әкімдік, отбасын қолдау орталықтары, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру) бірлесіп  ұйымдастырылуда. 
Қоғамдағы ең басты құндылықтардың бірі – отбасы. Полиция қызметкерлерінің оң имиджін арттыру, отбасылық құндылықты, отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау мақсатында жеке құраммен жұмыс жөніндегі қызметтермен бірлесіп, ІІО ардагерлері мен қызметкерлерінің отбасыларымен (көпбалалы, отбасылық полицейлер мен әулеттер) тақырыптық кездесу өткізіліп, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жария ете отырып, ұйымдастырылуда.
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесіне қатысты ІІО-да көптеген жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқандықтан, Қызылорда облысының барлық тұрғындарын акцияға белсене қатысуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бастамаларды қолдауға шақырады.
Акция өткізу кезеңінде күн сайын оқиғалар туралы мәліметтер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына: газеттерде және әлеуметтік желілерде жариялануда. 

Замира САЙҒОНДЫҚЫЗЫ,
Қызылорда облысы Полиция департаменті 
Жергілікті полиция басқармасы 
отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа 
қарсы күрес бөлімі ерекше 
тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: