Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ИЕЛЕРІ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ


"Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурызындағы №196 шешіміне сәйкес "Ақмешіт" және "Мерей" мөлтек аудандарында көп қабатты үйлердің арасында жайылып қараусыз жүрген жылқы және түйе малдарын оқшаулап, мал иелеріне және жасыл желектерді бүлдірген мүйізді ірі қара малдарының иелеріне жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы 12 азаматқа әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынды.
Осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында "Қоғам ТВ " телеарнасы арқылы эфирде көрсетіліп, сұхбат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өкінішке орай мал ұстайтын тұрғындардың салғырттығынан бұл жағдайлар қайталануда. Қазіргі уақытта Қалалық ветеринария бөлімінің мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, малдардың иелерін анықтап, әкімшілік шаралар көріліп, күнделікті жұмыс жасауда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: