Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

АРАЛДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Арал қаласында сәні мен салтанаты жарасқан орталық мешіттің ашылу салтанаты өтті. 
Құлшылық үйінің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық (Ақмешіт-Сырдария) мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров және СК-Фармация ЖШС-нің басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев қатысты.
Имандылық үйінің ашылып, пайдалануға берілуі біздің маңдайымызға жазылған қасиетті мереке – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. 
Қасиетті жұма күні есігін айқара ашқан Алла үйнің ашылуына жиналған қауымға қонақтар мен ардагерлер тарапынан құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылып, жаңа мешіттің лентасы қиылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: