Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына жаңа әкім тағайындалды. 
Ауданға жұмыс сапармен барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан активіне жаңадан тағайындалған әкім Әмреев Ғалым Махмұтбайұлын таныстырды.
Ғ. Әміреев 1970 жылы Қызылорда қаласында туылған. Мәскеу экономика-статистикалық институтын «қаржы және несие», сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Фарид ЛТД» АҚ-ның брокері ретінде бастаған. 2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Индустрия және сауда, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2012-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инновациялық саясат департаментінің директоры болды.
2013 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: