Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Әділдікті талап ет!» науқаны басталды

Қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастыру мақсатында «Әділдікті талап ет!» науқаны басталды. 
Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. Республикалық ауқымды шараға Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әділдік жолы» РҚБ Қызылорда облысы филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева мәлімдеді. 
- Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады. Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады. Түскен барлық ақпарат қалың жұртшылықты жұмылдыра отырып, жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты кеңестерінде талқыланады. Сонымен қатар, салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар беріледі, - деді Л.Шайзадақызы. 
Айта кетейік, науқан қорытындысы жыл аяғында өтетін жемқорлыққа қарсы форумда жарияланып, белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: