Қоғамнан оқшауланып қалған жастарды қайтадан қатарға қосу мақсатында 23 азамат аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып қайтты.
Аяғын шалыс басқан 14-29 жас аралығындағы бұл азаматтар бүгінде аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде тұр. «Бүгінде аудан бойынша 23 маргинал жас тіркелген. Осы жастарымызды бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызбен, тарихи дәстүрлерiмiзбен таныстырып қана қоймай, оларға түсіндіріп, еліміздің экономикасын, ғылымын дамытуға, мемлекетімізді көркейтуге, ел үшiн еңбек етуге шақыру біздің алға қойған мақсатымыз. Ал осындай жұмыстарымыздың арқасында болмағанда бір маргиналды өз қатарына қоса алсақ, біздің еңбегіміздің еш кетпегені"- дейді экскурсияны ұйымдастырушы лейтенант А.Момбеков.