Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАС КӘСІПКЕР ГИПСТЕН АҢ МҮСІНДЕРІН ЖАСАЙДЫ

 

Жаңақорған ауданының тұрғыны Өркен Құрбанов гипс және бетон өнімдерінен түрлі тұрғын үйге қажетті құрылыс заттарын шығарып, өз тұтынушыларына жолдап келеді.
Аз уақыт ішінде Қызылорда облысының тұрғындарына өзінің кәсіпкерлігімен танылған, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы "Қаһарман жас" деп атанды. 
Өркен жастайынан ата-анасынан айырылып, қазіргі уақытта өзінің 4 жас іні-қарындасын қанатының астына алды. Қазір кәсібінің арқасында көптеген жастарға үлгі боларлық іс жасап келеді. 
«Ауданымызға алғашқылардың бірі болып өзінің інілерімен бірге гипс және бетон өнімдерінен түрлі тұрғын үйге қажетті құрылыс заттарын шығарып, Қызылорда, Түркістан қалаларынан тапсырыстарға ие болып келеді. Бағасы халыққа қолайлы және сапалы. Мына суретте көрсетілгендей Өркен Құрбанов гипс өнімінен құс, аң мүсіндерін шығаруда, ал егер тапсырыс беремін деушілер болса хабарласуларыңызға болады» дейді жаңақорғандық Нұрбол Бәкіров.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: