Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада аңшы дүкеніне ұрлыққа түскендер ұсталды

6 қаңтар күні таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз азаматтар қала аумағында орналасқан аңшы дүкенінің терезесін сындырып кіріп ішінен киімдер, дүрбілер және арнайы пышақ құралдарын ұрлап кеткен.


Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түсті деп күдіктелген екі қала тұрғынын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. 
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 
Қазіргі уақытта оқиғаның мән – жайлары анықталып жатыр. Басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: