"Ұлы анасын ұрып тастады": Желіде тараған видеоға қатысты полиция түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Түркістандағы ер адам мен әжейдің арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Видеода жас жігіттің әжейге ортаншы саусағымен әдепсіз қимыл көрсеткені, содан кейін зейнеткерге қол көтергені байқалады.
Бұл оқиғаға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Сонымен қатар, Түркістан облысының полиция департаменті өзінің Facebook-тегі ресми парағында бұл видеоны тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тапқанын хабарлады.
Департамент жергілікті құқық қорғау органдарына ешкім жүгінбегенін атап өтті. Алайда полиция оқиғаның 2020 жылы 14 қазанда болғанын анықтады.
Ер адам Орал қаласының тұрғыны болып шықты, ал әжей мен келін Түркістан қаласының тұрғындары.
«Бұл адамдардың да, кейуананың да ешкімге шағымдары жоқ және олар ақпарат айтудан бас тартты», - деп толықтырды департамент.