Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Innofest» фестивалі жеңімпазының жобасы патентке ие болды

Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаевтың қолдауымен облысымызда 2022 жылдың 17-18 желтоқсан күндері өткен «InnoFest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалінің «Контент&Медиа» секциясының жеңімпазы Темірболат София ұсынған жоба патентке ие болды.


Жоба атауы –  «Cyber City хикаялары» комикс кітабы. Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының кибербуллинг туралы «Интернеттегі қудалау: Интернеттегі қудалау деген не және онымен қалай күресуге болады?», «Кибербуллинг: бұл не және оны қалай тоқтатуға болады» зерттеулері мен мақалалары аясында әзірленген. Жоба балаларға қауіпсіз киберкеңістікті оқытуға арналған. Сонымен қатар, цифрлық иллюстрациялар мен комикстерді профессионалды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда кітапты баспаға беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, «InnoFest» Qyzylorda – «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шара. Фестивальдің негізгі мақсаты – «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес жобаларды анықтау, облыс тұрғындарының IT-саласына қызығушылығын арттыру және инновациялық IT жобаларды қолдау.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: