ЕКІ ЖАСАР СӘБИ БЕЙНЕСІНДЕГІ ЖЕТІ ЖАСАР МАДИЯС БАЕВ
Дәрігерлер ергежейлі деп диагноз қойған Мадиастың әлі де болса қалыпты адам қатарына қосылатынына ата-анасы сенімді. Тек қаражаттың жетімсіздігінен керекті дәрілер жасалмай келеді – дейді BAQ.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Атырауда жеті жастағы Мадияс Баев - Құлсары қаласында тұрады. Тумысынан бойы өспей қалған баланың тағдыры қиын. Мадияс Баевты бір көргеннен жеті жаста деп айту қиын. Бірақ, екі жастағы баланың қалпындағы ұлдарының қатарынан қалып бара жатқанына әсіресе ата-анасы алаңдайды. Ал Мадиястың арманы асқақ.
Шынашақтай ұлдың «шытырманға» толы өмір баяны өзгелерге ұқсамайды. Дәрігерлер Мадиясқа ергежейлі, яғни медицина тілімен айтқанда Лорон Синдромы деп диагноз қойған. Бірақ, оның бойын өсіруге әлі де мүмкіндік бар көрінеді. Ол үшін жалпы құны 60 мың АҚШ доллары тұратын дәріні қабылдау керек екен.
НҰРГҮЛ БАЕВА, анасы:
- Есептеп қараған кезде, маған врачтар 40 флакон жазып берді. Сол 40 флаконның өзі деген 60 мың доллар тұрады. Менің оған қаражатым жетпейді. Жолдасым вахтовыйда жұмыс жасайды. 15 күн жасап, 15 күн демалады. Өзіміз квартирда тұрамыз. Квартирамыздан ауыспайды.
«Мадиястың бойының жетілуі үшін барымызды салып жатырмыз, бірақ, қолымыз қысқа болып тұр» деген анасы Нұргүл елдегі жомарт жандардан көмек сұрайды.