Қызылордада бүгін коронавирус індетінен тағы 9 науқас емделіп шықты
Бүгін, яғни 13.05.2020 ж. сағат 14:30 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 9 науқас емделіп шықты.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген 9 емделушінің 6-уы Қызылорда қаласының, 1-уі Қармақшы ауданы, 1-уі Қазалы ауданы, 1-уі Жаңақорған ауданынан емделіп шықты.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 181.
(Кызылорда қаласы - 46, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 3, Қармақшы ауданы – 5, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 66, Жанакорған ауданы - 31).