Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА КӨП ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА КӨП ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗДАР АНЫҚТАЛДЫҚазалыда үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты аудандық байқау өткізілді. 
Байқауға 21-29 жас аралығында 20-ға жуық талапкер қатысты. Сайыс өзін-өзі үш тілде таныстыру, лексика-грамматикаға арналған тест тапсырмасы және берілген мәтінге іліспе аударма жасау бойынша үш кезеңнен өткізілді. 
Сайыс нәтижесімен І орынды №226 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айзат Мырзатай жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: