Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Менің отбасым» отбасылық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Отанға деген сүйіспеншілік, отаншылдық сезім, салт-дәстүр – бұның барлығын балалар отбасында ұғынады. Отбасын құру, әрбір адам үшін нақты міндеттерді орындаумен жүзеге асады. Ұлттық тәрбие арқылы қаланған жанұяның іргетасы да мықты болады. Үлкен мен кішінің арасындағы достық, тәрбиелілік, адамгершілік, бір-біріне деген құрмет те отбасында алған тәрбиеден бастау алады. Аталған іс-шара отбасының қоғамдағы рөлін арттыруға, жас ұрпақты отбасылық өмірге дайындауға және балаларды тәрбиелеуге бағытталды.