Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Электрге қарыз тұтынушылар саны көбейіп тұр

Электрге қарыз тұтынушылар саны көбейіп тұрЕліміздің энергетика нарығында 1998 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан «Энергосервис» ЕЖШС бүгінде 81 979 абонентті электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Алайда мекеме әлі күнге шығын мен қарыздан бас көтере алар емес. 
Бұл туралы журналистермен кездесуде серіктестік директоры Еркебұлан Есенбаев баяндады. Оның айтуынша, мекеменің «КРЭК» АҚ мен «КТЭЦ» МКК алдындағы кредиторлық қарызы 303,6 және 103,7 млн теңгеге жеткен. Мекеме басшысы қарыздың қордаланып қалуының себебін де жасырмады.
– «КРЭК» АҚ және «КТЭЦ» МКК-на кредиторлық қарыз болудың негізгі себептері, жеке тұлғаларға сараланған тарифтің тұтыну көлеміне байланысты шығындардың есебі биылғы жылдың 9 айында 130,8 теңгені құрады. Бұлай жалғаса берсе бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 166 млн теңгеге жетуі мүмкін. Оған қоса «КТЭЦ» МКК-нан электр энергиясынбосату көлемінің төмендеуі салдарынан сыртқы энергия өндіруші мекемелері және «KEGOC» АҚ-ның қызмет көрсетуі ұлғайып, ескерілмеген қосымша шығындар есебі 238 млн теңгеге өсті. Сондай-ақ, шығынға ұшырауымызға 85 пайыздан астам тұрмыстық тұтынушылардың төменгі, яғни 13,92 теңге тарифпен төлеуі себеп болып отыр. Бірақ бұл жағдайлар қаланы сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге кедергі болмас үшін екінші дәрежелі банктерден 280 млн теңге несие алуға мәжбүр болдық, – деген ол мекеменің шығынға батуы жұмыстың жүйесіздігін білдірмейді дегенді алға тартты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: