Әлеуметтік желі беттерінде Жаңақорған ауданында оқушылар арасында төбелес болды деген видео жарияланды.
Онда оқушылардың көше бойында бір-бірімен тас атып, айқай-шу шығарып жатқанын көруге болады.
Осыған орай аудандық білім бөлімі әлеуметтік желіде жуап берді. «Видеодағы ақпараттағы балалар Жаңақорған ауданынан анықталған жоқ, оқушылар арасында төбелес болмаған», - деп жазылған бөлім мамандары берген мәліметте.