Үстіміздегі жылдың 9 айында Шиелі ауданында жұмыс іздеуші ретінде 2132 азамат тіркелген. Оның ішінде 54,6 пайызын әйелдер құрайды. Сондай-ақ, жастар арасында жұмыссыз жүргендер аз емес. Оған қоса 58,2 пайызы алғашқы жұмыс іздеушілер болып табылады. Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 31,2 пайызы ұзақ мерзім жұмыс істемегендер болса (666), жұмыс іздеуші азаматтардың 58,7 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жыл басынан бері ауданда 9 рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңке барысында тұрақты жұмысқа 185 адам, ал ақылы қоғамдық жұмысқа 13 азамат жолдама алған. Ал, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 9 айда 284 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған. Жылдың басынан 150 азамат даярлау және қайта даярлау курстарына жолданған. Жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрайды. Тағы бір айта кетерлігі, 795 жаңа жұмыс орындары ашылған.