Аккредиттеу және рейтинг Тәуелсіз Агенттігімен (НААР) өткізілген мамандар даярлау бағыты мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингісі нәтижесінде университеттің 12 білім бағдарламасы үздік үштікке енді.
Олардың қатарында физика, хореография, құрылыс, су ресурстары және суды пайдалану, химия, биология, тарих, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, су ресурстары және суды пайдалану, педагогика және психология, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және агрономия бар.
Бакалавриат – магистратура – докторантура мамандарын даярлау бағытында ЖОО бас рейтингісінде «Ауылшаруашылық ғылымдары» бағыты бойынша университетіміз 5 орынға ие болып үздік ондыққа енді.