Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ХАЛЫҚ БАНК» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫМЕН БІРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

«ХАЛЫҚ БАНК» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫМЕН БІРГЕ  ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы «Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалымен бірге «Сауатты клиент» шарасын өткізді. 
Шараға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, «Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ақмарал Сыздықова, сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысты.
«Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ақмарал Сыздықова: «Біз Кәсіпкерлер палатасымен бірнеше жылдан бері әріптестік байланыста жұмыс жасап келеміз.  Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға несие алу барысында әзірленетін құжаттарды сауатты әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету. Негізі бизнес-жоспар, қаржылық мүмкіндіктері туралы құжаттар дұрыс әзірленсе, несие алу соншалықты қиын емес», - дейді.
Шара барысында банктің бөлім басшылары Нұргүл Жарылқасынова мен Ғалия Ахметова қаржылық және заңгерлік сауаттылыққа қатысты хабарламалар жасап, құжат әзірлеудің кезең-кезеңімен таныстырып өтті.
«Бізге өтінішпен келген азаматтардың басым бөлігі екінші деңгейлі банктер арқылы несие қаржысын алудың қиындығын айтады. Аталмыш өтініштер бойынша сараптама жасағанымызда, мәселенің басы ақпараттың жеткіліксіздігінен екендігі белгілі болды. Рас, банктер өздерінің ресми интернет-ресурстарында барлық ақпаратты орналастырған. Дегенмен, азаматтардың барлығы бұл ресурстарды қарай бермейді ғой. Сондықтан да «Халық Банктің» Палатаға келіп түсіндірме шарасын жүргізу туралы ұсынысын біз қуана қабылдадық»,- дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов. 
Айта кету керек, облыста күн өткен сайын өз ісімен айналысқысы келетін азаматтардың қатары артуда. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 425 азаматқа сервистік қызмет көрсетіліп, 1400 адамға 3221 кеңес берілген. Сондай-ақ, 368 қызылордалық «Бизнес кеңесші» оқу курсынан, 15 азамат «Бизнес Өсу» жобасы арқылы біліктілігін жетілдірген. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: