Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатқан 181 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сату фактілерінің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу бағытында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде.



Жыл басынан бері алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзған 181 азық-түлік дүкенінің сатушысына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот қаулысымен 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес мейрамханаларда, барларда, дәмханаларда және заңда көзделген өзге де орындарды қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек сауда арқылы:

* сағат 23:00-ден келесі күнгі 08:00-ге дейін сатуға;
* құрамындағы этил спиртінің көлемдік үлесі 30 пайыздан асатын алкоголь өнімдерін сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, лицензиясы бар сауда орындарында 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімін сату дерегі бойынша 30 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Ал лицензиясы жоқ дүкендердің 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімін сатуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен 7 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың қоғамдық орында масаң күйде жүруі немесе алкоголь өнімін тұтынуы) олардың ата-аналарына қатысты 27 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Құрметті кәсіпкерлер мен тұрғындар!

Алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыттан тыс сатуға жол берілмейді. Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: