Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады
Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына (Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі, 12, «Бастау» бизнес-орталығының 11-қабаты, 1107-кабинеті) немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады. Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады. Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: • Қазақстан Республикасының азаматы болу; • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу; • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу; • өңірде жария тұлға болу; • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу; • бизнесінің тарихы оң болуы; • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу; • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады; Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы. 7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады. Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының байланыс телефондары: 8 /7242/ 40-08-73, 8 777 764 33 11.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі