Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкерлер сұранысы қандай?

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы аймақ көлемінде кәсіпкерлермен кездесуін жалғастыруда. Сырдария ауданы кәсіпкерлерімен кездесуде бизнес өкілдері қызметін жүргізу барысындағы кедергілерді атап өтті.
Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Абай-Дәулет» ЖШС-нің базасында өткен мал шаруашылығымен айналысатын кәсіп иелерімен, Шаған ауылына қарасты «Керуен» жол бойы кешенінде қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесуге Палата директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және Палатаның аудандық филиал директоры Ерлан Әбдікеров қатысты.
Кездесуде кәсіп иелері тірлік жасауға ниетті екендіктерін, тек несие алуға келгенде қаржы ұйымдарының, бағалаушылардың кепілге қоятын мүліктерін төмен бағалайтындықтарын жеткізді. Сол үшін де айналым қаражаты үшін қажетті қаржыны көбіне шағын қаржы ұйымдары арқылы рәсімдейтіндіктерін айтуда. Аталмыш қаржы ұйымдары жедел әрі оңай рәсімдегенімен үстіндегі пайызы өте жоғары көрінеді.
Бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жік-жігімен түсіндіріп, тиімді тұстарына тоқталып өтті.
Жол бойы кешенін қолға алған кәсіпкерлердің мәселесі интернет желісінің нашар байланысы болып шықты. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кешенге шет елдік түрлі азаматтар тоқтайды екен. Алайда олардың бірінші сұрайтын қажеттілігі – интернет. «Қазақтелеком» арқылы қостырғанымызбен сапасы сын көтермейді, 5-6 адам қатар қосылғанда мүлдем тартпай қалады дейді кәсіп иесі Гүлмира Медеуова.
Мұнан өзге, кездесуде жол бойы кешендеріне банкомат орнату, тұтынатын су бағасының жоғарылығы, салық органдары мамандарының жөнсіз талаптары көтерілді. Әр сауалға қатысты мамандармен түсіндірме жүргізіліп, жүйелілерін тиісті органдармен бірге шешетіндіктерін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: