Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТА СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ 150 АВТОБУС САТЫП АЛЫНАДЫ


Қызылорда қаласы тұрғындарының қоғамдық көлікке сұранысын қанағаттандыру мақсатында нақты іс-шаралар жасалып келеді.
Қызылорда қаласы тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру, қала көлеміндегі кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустармен ауыстыру бағытында орта сыйымдылықтағы 150 автобус алу жоспарланса, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 10 автобус сатып алынды.
Осы саладағы жағымды жаңалықтардың бірі сәуір айынан бастап «Ақылды қала» жобасы аясында, қоғамдық көліктерде арнайы орнатылған мобильді қосымша арқылы (OyBy) электронды төлем жүйесі, телефон теңгеріміндегі ақшамен жол ақысын төлеу мүмкіндігі жасалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: