Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАР "ЖАС ҰЛАНҒА" ҚАБЫЛДАНДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАР "ЖАС ҰЛАНҒА" ҚАБЫЛДАНДЫАрал аудандық Оқушылар Үйінде «Жас ұлан» ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында тәлімгерлер мен ұланбасыларына арналған семинар-кеңес өтті. 
Семинар-кеңеске аудан мектептерінің тәлімгерлері, мектеп ұланбасылары, «Жас ұлан» ұйымының белсенділері және оқушылар мен ата-аналар қатысты. Семинар барысында №220 мектеп мұғалімі А.Жақсыбаев тәлімгерлер арасында «time management» тренинг өткізсе, №2 санаториялық мектеп-инетрнат тәлімгері К. Изнаиова, №64 мектеп тәлімгері Ә.Әнесова, №260 меткеп тәлімгері А. Еділбаевалар семинарға қатысушы тәлімгерлергі оқушылардың бос уақыттарында өткізілетін түрлі ойын-тренингтерді ұйымдастырды. Дүниежүзілік балалар күніне сәйкес келген семинар әрі қарай «Біз бақытты баламыз» атты іс-шараға жалғасты. Шара барысында 11 мүмкіндігі шектеулі балалар «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданып, кеш соңы Оқушылар Үйі өнерпаздарының концертімен қортындыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: