ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен қалалық «Сұлтан» мешіті мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бірлесіп Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Әрдайым мұқтаждың мұңын тыңдап, қиналғанның қасынан табылатын мешіт қызметкерлерінің қала күнінде де халыққа мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында өткізген шарасында ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы, қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев арнайы қатысып қала жұртшылығын мерекемен құттықтады.
Шарапаты мол игі шараға мешіт жамағаттары, жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бір үйдің баласындай атсалысып, қаламыздың түрлі жерлерін аралап жүріп, еңбек етіп жатқан 200 адамға мерекелік түскі асты тарту етті.