Биылғы жылдан бастап қолданыстағы бірқатар заңнамалық актілерге (ҚР Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және жаңадан қабылданған Кәсіпкерлік кодексін түсіндіру мақсатында Қазалы ауданында семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшылары Қ.Серікбаев пен Н.Қарақожаев жер учаскесіне құқық беруде заңнаманы қолдану және пайдаланылған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою тәртібі туралы баяндама жасады.
Семинар-кеңеске қатысқан аудандағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдерінің заңгер мамандары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жауап алды.