Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 15 сәуір күні қала тұрғыны арызданып, жеке тұрғын үйінің ауласынан 3 дана 6-метрлік темір швеллерін ұрланғандығын айтқан. Жәбірленушіге келтірілген залал 280 000 теңге.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен ұрлық қылмысына қатысы бар екі күдікті облыс тұрғындары манықталып, ұсталды. Олардың біреуі бұрын сотты болған. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, ұрлаған заттарды өткізіп, пайда көрмек болғанын айтқан. Айғақ зат ретінде ұрланған заттар алынды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.