#ҚЗОІІД ЕҚҚБ байқауынаХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті дерт – нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі – берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талайы ауруларға ұшырады. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер, жастар.Әр адамның келешегі және өмірі өзінің қолында. Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет.Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.» Нашақорлықпен ауыратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп, денелерін улап тастайды, нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар өз денсаулығына өздері зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің жаман ортаға итермейсің.
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігер де, емші де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы. Ұлы
Ж. Баласағұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен. Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата-анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар.«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп. Менің ойымша, бұл өнерді ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын еске сақтайық!Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!
Әуесқойлық, еліктеу көптеген жастарды тұңғиыққа, қараңғылыққа итермелеуде. Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп. Сондықтан өз өміріміздің, денсаулығымыздың қадірін біліп, есірткіден аулақ болған жөн. Адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ болғандықтан, есірткісіз өмір ғажайып!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Біз, жеткіншек, есірткіге қарсымыз!
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Болашаққа нық қадаммен басамыз!
Өмірбек Бекарыс,
№203 орта мектептің
10-сынып оқушысы
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Жаңадария ауылы