Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз болып, боран соғады

Бүгін, 7 желтоқсанда Қазақстанның 11 облысында аяз, қар және боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан бойынша кей жерде қар жауады. Қазақстанның солтүстігінде, батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста жел күшейетіні айтылады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: