Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болды.
Отырысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жоланов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: жер мәселесіне енгізілген өзгерістер туралы және аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан шаралар жөнінде.
Бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тілеулесов Болат баяндама жасады. Хабарламашыға жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Еңсепов Қадірхан баяндама жасап, жекелеген сұрақтар төңірегінде жауап берді. Барша жиынға қатысушылар ой-пікірлерін еркін жеткізіп, аталған мәселелерді өзара талқыға салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: