Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өңірдегі туристік дестинацияларға баратын инфрақұрылым түгенделді

Былтыр кәсіпкерлік және туризм басқармасы өңірдегі туристік дестинацияларға баратын инфрақұрылымдық жобаларға түгендеу жүргізілді.
Нәтижесінде Арал ауданындағы «Қамыстыбас» демалыс аймағына, Ақеспе ауылындағы «Ыстық су» бұлағына, Қармақшы ауданындағы «Марал Ишан» кесенесіне баратын жолдарды жөндеу, Қазалы ауданындағы «Жанкент» қалашығын абаттандыру, «Сығанақ» қалашығы және «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне отырғыштар мен санитарлық-гигиеналық тораптар орналастыру секілді 15 жоба іріктеліп, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бұл ретте, бағдарлама аясындағы Туристендіру картасының ТОП-50 нысандар тізіміне «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы енгізілген болатын.
«Қамыстыбас» демалыс аймағы көл жағалуында 22 кәсіпкер қызмет жасайтын 104 демалыс үйлері орналасқан. 2019 жылдың қорытындысымен демалушылар саны 90 000-нан асты. Демалыс аймағына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында сыртқы инфрақұрылымдар жеткізілді.
Қазіргі уақытта Жаңақорған ауданында 4 шипажай жұмыс жасап тұр. Оның ішінде былтыр желтоқсан айында 120 орындық заманауи шипажай іске қосылып, 50 адамға жұмыс көзін ұсынып отыр.
Айта кету керек, мемлекет тарапынан туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шаралары жүргізілуде.    
Осыған орай, Мемлекет басшысы көптен күткен «Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: