Арал ауданында тұратын Бақытжанов Сырым Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие алуға өтінім берген болатын, өтінімі мақұлданып жеке кәсіпкер Қордың Қызылорда филиалынан түйе шаруашылығын дамыту мақсатында 2 200 000 теңге несие рәсімдеді.
Несиеге 4 бас түйе сатып алды. Бұл шаруашылықтың қырын толық меңгерген кәсіпкер алдағы уақытта шаруашылығын одан әрі кеңейтіп, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.