Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алысАралдағы мұз айдынында "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалының жүлдесі үшін "Берік отбасы – есірткіден алыс" ұранымен отбасылар арасында қысқы спорт түрлерінен эстафеталық жарыстың  екінші кезеңі өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай өткізілген шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық "Спорт клубы" МКҚ кәсіпорынның ұйымдастырды.
Жарыс жолына аудан орталығындағы №13, №14, №62, №260 орта мектептерінің жанұялық командалары сайысқа шықты. Жарыс нәтижесінде: 1-ші орынға N14 орта мектеп Нарымбетовтер жанұясы, 2-ші орынға N260 орта мектеп Әбдіқалықовтар жанұясы, 3-ші орынға N13 орта мектеп Сүлейменовтер жанұя командалары ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және "Спорт клубы" МКҚК-ның медаль, кубоктарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: