Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫБүгінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарға баруы және түрлі келеңсіз әрекеттері қоғамның алаңдатушылығын тудыруда. Осыған байланысты Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссияның отырысы өтті. 
Комиссия отырысының күн тәртібіне: Суицид және суицидке ұмтылудың алдын алу, тәуекел тобына алынған балалардың көпшілік іс-шараларға тартылуы , ата-аналар комитетінің балалар мектебімен байланысы , Балалар және жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қойылды. Аталған мәселелер төңірегінде Аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ғ. Сейітова, №62 қазақ орта мектебінің директоры С. Жанназарова және Аудандық ІІБ-нің КТІЖБ-сі аға инспекторы Г. Есенжолованың баяндамасы тыңдалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: