Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Рамазан қоржыны» тартылды 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Берекелі Рамазан керуені» республикалық онлайн марафоны өтті.
Бас мүфти бастамасымен өткен қайырымдылық акция барысында әр өңір орталықтарынан алдын ала дайындалған азық-түлік тиелген автокөліктер ауыл-аймаққа қарай жолға шықты. Өңір имамдары және «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдерінің ұйытқы болуымен 11700 мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Наурызбай қажы Тағанұлының ақ батасымен басталған телекөпірде облыс имамдарының атынан Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Ақтөбе қаласының бас имамы Төлеби Оспан және  Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет онлайн марафонды қабылдап, жолға шыққан дін қызметкерлеріне, еріктілерге сәттілік тіледі.
Республикалық қайырымдылық шарасына үлес қосқан Сыр имамдары  мен ерікті жамағаты Қызылорда мен Байқоңыр қалалары, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қарасты елді мекендерде 1200 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік салынған рамазан қоржындарын жеткізіп берді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: