Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Беймезгіл уақытта бала неге бақылаусыз жүр?

Балалардың өздеріне тыйым салынған нәрселерге үйір болып келетіні белгілі. Міне осылайша олар түнде қыдыруға, көшеге шығуға әуестенеді. Соның салдарынан  кешқұрым тексеру жүргізетін полиция қызметкерлерінің назарына түседі.

Беймезгіл уақытта бала неге бақылаусыз жүр?

 

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 тармағы бойынша құқық бұзушылықты жасаған Е. есімді азаматқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот мәжілісінде анықталғандай Жалағаш аудандық  ІІБ ПБ-нің КТІЖ инспекторлары  тексеру жүргізу барысында  2015 жылдың 19 наурызында  Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесінің бойында азамат Е. кәмелетке толмаған 1997 жылы дүниеге келген К. есімді баласының әкесі бола тұра, баласының беймезгіл уақытта   жүруіне жол берген.
Сот мәжілісінде құқық бұзушы Е. өзінің кінәсін толығымен мойындап, әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттамадағы  жағдайларды толығымен растады.   
Төрағалық етуші судья ҚР Конституциясының 27 бабы 2-бөлігіне сәйкес, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін түсіндірді.
Сондай-ақ төрағалық етуші судья құқық бұзушы Е.-ның құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті үшін, оған әкімшілік жаза ретінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  29730 (жиырма тоғыз мың жеті жүз отыз) теңгеге әкімшілік айыппұл салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: