Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘЙЕКТІ ІСТЕР


Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 2 қалалық, 1 кенттік, 3 ауылдық мәдениет үйі, 1 қалалық, 1 кенттік, 4 ауылдық клубы, 1 қалалық мәдени демалыс паркі, 13 қалалық және 8 ауылдық кітапхана, барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.
Қызылорда қаласы бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары – 78, оның ішінде: республикалық маңызда – 4 (Айтбай мешіті – 1878 жыл, Перовск Казанского-Богородный шіркеуі – 1890-1895 жыл, Көтібар мұнарасы – ХІХ ғ. жатады, Ы. Жақаев бюсті – 1975 жыл) жергілікті маңызда 26 ескерткіш, алдын-ала тізімге алынған тариха-мәдени мұра объектілері – 48.
Жыл басынан мәдениет үйлері мен клубтарда 472 іс-шара өткізіліп, оған 117057 көрермен қамтылды. Мәдениет үйлері мен қалалық клубта барлығы 86 үйірмеге 1034 өнерпаз қатысты. Жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Жастар театры» үйірмесі ашылды.
Кітапханалар жүйесі бойынша мобильді кітапхана жұмысы жүргізілуде. Kitap.kz сайты арқылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 3 атаулы кітаптары QR – коды арқылы жүктеліп, 73 рет оқырманның ұялы телефондарына жүктелді.
Есепті мерзімде сандық форматқа әр түрлі салалар бойынша 33 кітап көшірілсе, бүгінгі күнге дейін барлық кітап қорының 149 кітабы цифрландырылды. Жүйеде 21 кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етіліп, 1750 оқырман тұрақты пайдаланып келеді.
Қазтест жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі, республикалық маңызы бар жүйе болып табылады. Жыл басынан 35 мемлекеттік қызметшілер мен 54 мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер диагностикалық тестілеуден өткізілді. Бұл кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс болғандықтан, әзірге 2018 жылы 24 мемлекеттік қызметші сертификаттық тестілеуге қатысты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылауға алу, маңдайша жазулары және жарнамалардың сай келуін ретке келтіру негізінде Қызылорда қалалық прокуратурасымен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, маңдайша жазулары және жарнамалар ілінген нысандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: