Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?


2018-2019 ж.ж. жылу маусымы дайындығына байланысты
2018 жылдың 19 қыркүйек пен 15 қазан аралығында (магистралдық жылу жүйесі–16 кгс/см2 қысыммен, квартараралық жылу жүйесі-12 кгс/см2 қысыммен) тығыздығы мен беріктілін тексеру үшін, гидравликалық сынақ (опрессовка) жасалынады. Сынақ кезінде жылу жүйелеріне су жіберіледі және жоғары қысыммен тексеріледі. Сол себепті, осы кезеңдерде үйлеріңізде болуларыңызды сұраймыз.
Осыған байланысты, ішкі жылу құбырлар мен құралдарын жарылу және пәтерлер мен ғимараттарды су алып кету қауіпінен сақтау үшін барлық жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар ішкі жылу жүйелерін сенімді ажырату керек.
Барлық жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК филиалына 2018 жылдың 19 қыркүйегіне дейін кепілдеме (гарантиялық) хат беру қажет. Онда жылу жүйесінде сынақ жасау мерзіміндегі жауапты адамның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсету керек
Сынақ (опрессовка) өткізу тәртібі:
1.Жылу жүйесінің қүбырларын суық сумен толтырып, айналымға қою 2018 жылдың 17 қыркүйек пен 24 қыркүйек аралығы;
2.Тығыздығы мен беріктілін тексеру үшін гидравликалық сынақ (опрессовка) 2018 жылдың 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығы;
Ескерту: Сынақ (опрессовка) кезінде желілік судың ағып кетуі мен құбырлар жарылуы анықталған жағдайда 25-00-45, 25-01-04 телефондарына хабарлау қажет.
Ішкі жылу жүйелерін сенімді ажыратпаған жағдайда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК оның салдарына жауапты емес.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: