Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда аула клубтарының саны артады

Қазалыда аула клубтарының саны артады- Былтырғы жылы жұмыссыздық деңгейінің 5,1 пайызды құрады. Әр ай сайын өткізіліп отырған жәрмеңкеге 220 мекеме бос жұмыс орындарын ұсынып отырды. Қазіргі таңда аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 169 балаға әлеуметтік қызметкер тағайындалып, балалардың үйлеріне барып, әлеуметтік, психологиялық көмек беру қарастырылған.Сондай-ақ, мектепке бара алмайтын 69 бала үйден оқытылады - деді алқа мәжілісінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары БаянкүлТөлегенова.
Өткен жылдан бері 1-топ мүгедектеріне тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметі көрсетілді. Қала мен кенттен «Аула» клубын ашу жоспарлануда. 
Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мұратбек Бекмамбетов 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 3 бағыты да тиімділігін көрсеткенін айтты. Бағдарлама аясында 4 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілсе, 5 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 100 адам қайта даярлау курстарына жіберілсе, әлеуметтік жұмысқа 303 адам тартылған. Оның 280-і тұрақты жұмысқа орналасқан. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: