Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ішкі істер саласында 200 нәзік жанды бар

Ішкі істер саласында 200 нәзік жанды барХалқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жанды деп төріне шығарып, жоғары бағалаған.
«Заманына қарай  адамы» демекші, қазір қыз-келіншектеріміз уақыт көшінен қалмай, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде 200-ге жуық ерлермен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада нәзік жанды апа-сіңлілеріміз абыройлы қызмет етуде. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, олар азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етуді өмірлік мақсаты еткен. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін полицей қыздарымыздың өз мүддесінен гөрі халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті етулері де шындық. Сондықтан да, олар жаны нәзік болса да, рухы мықты екенін жыл санап дәлелдеп келеді. Күн-түн демей халықтың сеніміне селкеу түсірмеу мақсатында еңбек етіп келген олардың еңбегін атап өтпеске болмайды. Қазақ «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Осы орайда, қажырлы, ерен еңбектерімен көзге түсіп, полковник дәрежесіне дейін көтерілген үзеңгілес достарымның, алдыңғы буын апаларымның атын атап өтуді жөн көріп отырмын. Олар: полиция полковнигі Көпенова Бахыт Қайыркешқызы, полиция полковнигі Омарова Қарлыға Біләлқызы, полиция полковнигі Есенбаева Айгүл Берикханқызы, полиция полковнигі Хасенова Рая Жекейқызы, полиция полковнигі Асанова Раш Абжаппарқызы, полиция полковнигі Жартенова Әлия Қаржаубайқызы, полиция подполковнигі Келімбетова Гүлнар Сматуллақызы, полиция подполковнигі Сманова Гүлнар Сәбитқызы, полиция подполковнигі Ахметова Кульджахан Алиакимқызы, полиция подполковнигі Орынбекова Бахыт Орынбекқызы, полиция подполковнигі Ходжабекова Зина, полиция подполковнигі Маханова Қалдыгүл Ибрайханқызы, полиция подполковнигі Қыпшақбаева Ләззат Дәрбішқызы, полиция подполковнигі Угай Елена, полиция подполковнигі Ким Наталья, полиция подполковнигі Аденова Фарида, полиция подполковнигі Ибраимова Разия, полиция подполковнигі Балмағамбетова Алтынкүл, полиция подполковнигі Анафина Рая, полиция майоры Нұржауова Гүлнар, полиция полковнигі Қайназарова Гүлханыс, полиция полковнигі Құдайбергенова Лаура, полиция подполковнигі Омарова Гаухар, полиция подполковнигі Қалдарова Ғалия, полиция подполковнигі Айдарова Зульфия, полиция подполковнигі Жүсіпова Салтанат, полиция подполковнигі Абдамитова Сауле, полиция подполковнигі Шайменова Сауле, полиция подполковнигі Есетова Құрмет, полиция майоры Шаханова Меруерт. Бірі – құрметті еңбек демалысына шықса, бірі – осы салада әлі де талмай қызмет етіп келеді.

Қайырбергенова Гүлжахан Бердібекқызы 
Қызылорда ОІІД Мемлекеттік тіл және
ақпарат бөлімінің басшысы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: