Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті

Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 11 тамызда елорда уақытымен сағат 19.10-де Сырдария ауданы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында болған. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген аумақта суға шомылған.
«Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері 2 техникамен іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ. Бұл жерде полицейлер де қызметін атқарды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: