Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Талғат Дүйсебаев 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы атқарылатын міндеттері бағытындағы жұмыстары бойынша есепті кездесуін аудан орталығында қорытындылады.
Аудан бойынша жалпы халық саны 36787 болса, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген.Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрайды.
Жалпы халық санының 28 пайызын  аудандағы 14 пен 29 жас аралығындағы 9819 жас құрайды. 2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 
118 жас маманға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беріліп, 10 азаматқа әлеуметтік көтерме жәрдемақы төленген.
Өткен жылы ел игілігіне Еңбек ауылдық округінде ауылдық емхана ғимараты   пайдалануға беріліп, Аққұм ауылына Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Алдаберген Бисеновтің бюсті орнатылды.  Жалағаш  кентінің 6 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Аққұм елді мекенін көгалдандыру бағытында аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Аққұм каналы қайта қазылды. 2016 жылы Мәдениет ауылынан бастап Жаңаталап ауылына дейінгі 12,5 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалағаш кентінде 3 дана қосалқы трансформаторлық станциялар алынып, орнатылды.
2016 жылдың 12 айында аудан бойынша 753 жаңа жұмыс орны ашылды, жылдық жоспар 110,7 пайызға орындалды.  Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты өткен жылы қайта іске қосылды. Бүгінгі күнге зауытта жергілікті тұрғындар есебінен 50 адам жұмыс жасайды. 
2016 жылы ауданда барлығы 33 215,7 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Аудан бойынша  мал шаруашылығы өнімдері есепті мерзімде ет өндіру 1,2 пайызға, сүт өндіру 1,0  пайызға, жұмыртқа 5,2 пайызға артты. «Сыбаға» бағдарламасымен 2011 - 2016 жылдары аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы 47 шаруа қожалығы несие алып, барлығы 3402 бас жергілікті аналық пен 114 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға 84 бас бие мен 6 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды. 
Ауданда болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен ауданымыз екі жыл қатарынан облыс бойынша бірінші орынды иеленуі осыған дәлел. №123 мектеп-лицейі республикадағы үздік 100 мектептің қатарына еніп отыр. 2016 жылы алға қойған 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызға толық орындалды. 
Кездесу соңында аудан әкімі жыл бойы атқарылған келелі істерге тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар аудан басшысының тарапынан атқарылып отырған ауқымды істерге қанағаттанарлық деген баға беріп, өз ризашылықтарын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: