Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы білім саласында еселі еңбек еткен аралдық 20 ардагер-ұстазға «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында бір апта демалуға жолдама берді.
Бұл саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаздарға көрсетілген үлкен құрмет болатын. №73 Аманөткел орта мектебінде ұзақ жыл еңбек еткен Қуантқан Бердалиев ардагерлер атынан ризашылығын білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов және аудандық, қалалық ардагерлер ұйымының төрағалары К.Айбосынов пен Ә.Садықбаев ардагерлерге сәт-сапар тілеп, жақсы тынығып, демалуларына тілектестігін білдіріп, шығарып салды. Еңбек ардагерлеріне деген мұндай құрмет алдағы уақытта да жалғасын таба береді.