Жалағаш кентінің әкімі Қ.Құлмахан тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Тұрғындар алдындағы есепті кездесуде кент әкімі 2016 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Қазіргі таңда Жалағаш кентінде 1149 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Кенттің кәсіпкерлік саласы сауда-саттық қызметі, көлік жөндеу, халыққа қызмет көрсету қызметтері бойынша дамуда.
Жалпы кент бойынша «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасына сәйкес өткен жылы 55 адам несие алған.
Есепті кездесуге жиналған қауым кент әкімінің атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін айтты. Кездесу соңында Жалағаш кенті әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді.